kk
Kostenlos
Мұхтар Әуезов

Қасқыр

  • b7950116422hat Zitat gemachtvor 2 Jahren
    (Аударма. Джек Лондоннан)

    — Қасқыр! Қасқыр! Кәһ! Кәһ! Қасқыр! — деп Медж итін шақырып тұр еді.

    Ирвин екі саусағын аузына сұғып тұрып, қатты ысқырып жіберді.

    Бұлар тұрған жерден аз жоғарыда шөп-шары қалың шыққан, бір жүндес төбешік бар еді. Соның жота жағында шөп судырлап, қурай сынғандай болды да, бір кезде төбе басында Қасқырдың басы мен кеудесі көріне қалды. Шығысымен бір кішкене тасты аяғымен түртіп домалатып жіберіп, сол Медждің алдына барып түскенше, құлағын тігіп тұрды. Содан соң Қасқыр өзінің иелеріне қарап, аузын ашып, жоғарыдан тұрып жымиғандай болды.

    Мына екеуі де дауыстап:

    — Әй, Қасқыр, Қасқыр, неткен жақсы Қасқырсың сен! — десті.
fb2epub
Ziehen Sie Ihre Dateien herüber (nicht mehr als fünf auf einmal)