bookmate game
kk
Шыңғыс Айтматов

Жәмилә

Benachrichtigen, wenn das Buch hinzugefügt wird
Um dieses Buch zu lesen laden Sie eine EPUB- oder FB2-Datei zu Bookmate hoch. Wie lade ich ein Buch hoch?
  • waikikishhat Zitat gemachtvor 3 Jahren
    Қорықпа, Жәмила, алыс жолдан, сенің жолың бақыт жолы, оған күмәнданба!"
  • waikikishhat Zitat gemachtvor 3 Jahren
    Темір қанат болған соң, әрқайсың өздеріңше қанат сілтеп қалмайсыңдар ма... Біз қайдан білейік, бәлкім, сендердікі шындық шығар, бәлкім алысқа самғап ұшарсыңдар... Қазіргі заман енді солай болып тұрған жоқ па...
  • waikikishhat Zitat gemachtvor 3 Jahren
    Мейлі мен біздің отбасы, ру үшін "бұзақы" болайын, бірақ адамдық үлкен шындыққа мен қиянат жасаған жоқпын, өмірдің үлкен шындығына мен аяғына дейін әділетті болдым. Менің осы ақ ниеттілігімді ешкім білген емес, оны жұртқа айтуға да болмайтын еді, өйткені басқалар түгіл, жанымдай көрген өз анам да мұның мәнісін түсінер емес.
  • waikikishhat Zitat gemachtvor 3 Jahren
    Жарықтық өмірдің ағыны кейде өстіп езінің ескі сүрлеуін бұзып, шұғыл жерден жаңа бағытқа бет бұрғанын түсінбеген сияқты. Мысалы, үлкен, қарулы теректі боран тамырымен қопарып кетсе, ол екінші рет бой түзей алмайды да...
  • waikikishhat Zitat gemachtvor 3 Jahren
    — Жәмила-а-а-а! — дедім мен, тағы бір ашумен айқайлап, тұрған орнымнан алға ұмтылып, жаңағылардың артынан жүгірдім. Суды су демей, етігіммен, киіміммен суға беріп кеткенімде тызылдатқан мұздай шашырандылар бетіме, бүкіл денеме жайыла берді. Оған да қарамай, тағы ышқына жүгірдім. Бір уақытта аяғым бір нәрсеге сүрініп кетті де, етбетімнен жығылдым. Сол бойдан, басымды жоғары көтермей, бетімді басып, өксіп-өксіп жылап жібердім. Астымдағы сызды топырақ қолымды, бетімді мұздатып, кеш қараңғысы жоныма салмағын салғандай, өкпем қысылып, шиелер менің қайғымды бөлісіп, жан-жағымнан сыбдыр қақты. Жаңа Жәмила деп айқайлаған даусым да томсарған даланың үстінде жаңғырығып, құлағымнан кетпейді.
    — Жәмила, Жәмила! — деп, жас балаша өксіп, мен өзімнің ең жақын көрген қымбатты адамдарыммен қоштасып жаттым. Міне сонда ғана жерде жылап жатқан кезімде, мен өзімнің де Жәмиланы сүйгенімді түсіндім.
    Иә, бәлкім бұл менің балалық шағымдағы ең таза, нәресте махаббат болған шығар.
  • waikikishhat Zitat gemachtvor 3 Jahren
    л енді күзде біздің тағдырымыздың не боларын, не үшін екенін білмеймін, мен ойламаппын.
  • waikikishhat Zitat gemachtvor 3 Jahren
    "Адамның өмірі неге мұнша күрделі, неге мұнша түсініксіз?"
  • waikikishhat Zitat gemachtvor 3 Jahren
    бәлкім, махаббат деген — адамның барлық сын-сипаты толып, ой-сезімінің ең бір жетілген шағы шығар? Иә, өмірдің нақ сол жарқыраған шағында, төкпе ақынға шабыт келгені сияқты, адамға махаббат келіп, оған дем беріп, жаңа тілек пен өмірдің жаңа бағытын іздетіп, шарқ ұрғызатын шығар? Мүмкін, ғашықтықтың қасиеті дәл осында болар?
  • waikikishhat Zitat gemachtvor 3 Jahren
    Ол кезде мен осыларды көзіммен көрсем де, түпкі мәнісіне онша түсіне бермесем керек. Бірақ, қазір, талай күндер өткеннен кейін, сондағыларды көз алдыма елестетіп, көп сәттерде өзіме сұрау беремін: бәлкім, махаббат деген — адамның барлық сын-сипаты толып, ой-сезімінің ең бір жетілген шағы шығар? Иә, өмірдің нақ сол жарқыраған шағында, төкпе ақынға шабыт келгені сияқты, адамға махаббат келіп, оған дем беріп, жаңа тілек пен өмірдің жаңа бағытын іздетіп, шарқ ұрғызатын шығар? Мүмкін, ғашықтықтың қасиеті дәл осында болар?
  • waikikishhat Zitat gemachtvor 3 Jahren
    іштегіні сөзбен жеткізу кейбір кездерде адамның қолынан келе бермейді ғой деймін...
fb2epub
Ziehen Sie Ihre Dateien herüber (nicht mehr als fünf auf einmal)