bookmate game
Пользователь Windows

Unknown

Benachrichtigen, wenn das Buch hinzugefügt wird
Um dieses Buch zu lesen laden Sie eine EPUB- oder FB2-Datei zu Bookmate hoch. Wie lade ich ein Buch hoch?
  • Еркежан Молдаханhat Zitat gemachtvor 2 Jahren
    Жаңа дос тапсаң, онымен күнде кездесіп жату міндет емес. Ал, айналаңда үйреншікті адамдар болғанда – айталық, семинариядағадай – олар сенің болмысыңа қалай болғанда да ене бастайды. Ал, өміріңе кіріп алған соң, олар біраздан кейін оны өзгертуге талап жасайды. Егер олар сені қай бейнеде көргісі келгеніне сай келмесең – өкпелейді. Әркім мына жалғанда қалай ғұмыр кешу керек екендігін шүбәсіз айқын біледі ғой.
  • Әсемhat Zitat gemachtvor 3 Jahren
    «Бір рет болған жағдаят енді қайтып болмауы кәдік. Ал екі рет болған жағдаят үшінші рет қайтсе де болады».
  • Әсемhat Zitat gemachtvor 3 Jahren
    Адамдардың барлығы жас шағында өз Тағдырын біледі. Әрі өмірдің осынау кезеңінде бәрі түсінікті де, әрі бәріне әлі келеді. Олар армандау және жүзеге асырғылары келетіннің баршасына ұмтылудан тайсалмайды. Бірақ, уақыт жылжыған сайын қайдағы бір құпия күш оларды өз Тағдырын жүзеге асыру мүмкін емес деген сенімге де жетелей бастайды.
  • Даянаhat Zitat gemachtvor 4 Jahren
    – Жердегі әрбір пенде немен айналысса да, әлем тарихында басты рөл ойнайды. Бірақ, әдетте ол жайында білмейді.
  • Даянаhat Zitat gemachtvor 4 Jahren
    «Бір рет болған жағдаят енді қайтып болмауы кәдік. Ал екі рет болған жағдаят үшінші рет қайтсе де болады».
  • Даянаhat Zitat gemachtvor 4 Jahren
    - Бұл – «махаббат» деп аталады, - деді Сантьяго жел ендігі өзінің өтінішін орындауға әзір екенін аңғарып қатып. – Ғашық болған уақытыңда сен кім боламын десең де қолыңнан келіп бағады. Ғашық болған кезіңде не болып жатқанын түсінудің еш қажеті жоқ, өйткені, бәрі де біздің ішкі дүниемізде өтіп жатады, олай болса адамның желге айналуға қабілеті әбден жетеді. Әрине, егер жел оған көмектессе ғана.
  • Даянаhat Zitat gemachtvor 4 Jahren
    Махаббат – бұл ғаламның жанын өзгертіп, құлпырта түсетін күн. Мен оған алғаш рет бойлаған кезде ол маған еш мүлтіксіз болып көрінді. Сонсоң мен оның бәріміздің сәулеміз екенін, онда да өзіндік ынтызарлықтар жататындығын, өз соғыстары жүріп жататындығын көрдім. Оны мына біз қоректендіреміз және де біз өмір сүріп жатқан орта біздің жақсы, әйтпесе нашар болғанымызға орай жақсы, әйтпесе нашар болады. Міне, осы кезде махаббаттың күш-қуаты араласады, өйткені, ғашық болғаныңда жақсырақ бола түсуге ұмтыласың.
  • Даянаhat Zitat gemachtvor 4 Jahren
    Ол бақытты адам - өзінде Жасағанды алып жүретін адам дегенді айтты
  • Даянаhat Zitat gemachtvor 4 Jahren
    — Опасыздық – сен күтпеген соққы. Егер сен өз жүрегіңді білетін болсаң, ол саған опасыздық жасай алмайды. Өйткені, сен оның барлық армандары мен тілек-ықыластарын біліп аласың да, оларды жеңіп шығасың. Ал, өз жүрегінен қашып кету әзірге ешкімнің қолынан келмеген. Ендеше, қызығы – оны тыңдай білген абзал. Сонда тосыннан соғатын соққы болмайды.
  • Даянаhat Zitat gemachtvor 4 Jahren
    кез келген шаруадағы шешім – тек бастама ғана. Адам әдетте таңдау жасап, әлденеге бел буғанда, ол өзін ойламаған жерге алып кететін буырқанған ағын қойнауына сүңгігендей болады.
fb2epub
Ziehen Sie Ihre Dateien herüber (nicht mehr als fünf auf einmal)