bookmate game
kk
Kostenlos
Мұхтар Шаханов

Жаңғырық немесе Ақсақ Темір қалай басталды

8 Druckseiten
Haben Sie es bereits gelesen? Was halten sie davon?
👍👎

Ersteindruck

  • Akmaral Bektashat einen Ersteindruck geteiltvor 4 Jahren
    👍Lesenswert
    🔮Unerwarteter Tiefgang
    💡Viel gelernt
    🎯Lesenswert

    Өте керемет шығарма👍
    Мен негізі оқып бастамас бұрын, бұл шығарманың авторы Мұхтар Шаханов екенін білген жоқпын...
    Өте тамаша, керемет жазылған шығарма, бәрі терең ойлы...

  • Періште Ақынhat einen Ersteindruck geteiltvor 4 Jahren
    👍Lesenswert
    💡Viel gelernt
    🎯Lesenswert

    Тауға шығып ән салсаң о, керемет...

  • Шынар Абироваhat einen Ersteindruck geteiltvor 6 Jahren
    👍Lesenswert

    Өте əсерлі жəне де ақиқат дүние

Zitate

  • b4665856174hat Zitat gemachtvor 8 Jahren
    ЖАҢҒЫРЫҚ НЕМЕСЕ АҚСАҚ ТЕМІР ҚАЛАЙ БАСТАЛДЫ
    (поэма)
    Әр мұзбалақ өз әнін айта келер,
    Айта білу ежелден байтақ өнер.
    Тауға шығып ән салсаң (О, керемет!)
    Жаңғырық боп дауысың қайта келер.
    Жауап беріп жататын сан қылыққа,
    Бір заңдылық жатыр сол жаңғырықта.
    Иә, оған күмән жоқ, сондықтан да
    Басымды ием сол ұлы заңдылыққа.
    I
    Масаң мұңдар көңілі тасып елтіп,
    Нөкері мен тазысын қасына ертіп.
    Тінти қарап мұң арқан
    Сұңқар тауға
    Келе жатты
    Жұдай хан түлкі аулауға.
    Көз ұшында атты әйел ербелеңдеп,
    Кесіп өтті хан жолын көлденеңдеп.
    Лезде ханның от шашып түлкі көзі
    Қаһарланды: — Ұстаңдар! Бұл кім өзі?
    Қанжығаға көкпарша бөктеріңдер,
    Сөйтіп, менің алдыма ап келіңдер!
    Алып келді.
    Әйел тым ажарлы екен.
    Ажарлы екен,
    Ажары базарлы екен.
    Шіркін, мұндай жары бар ер жігіттің.
    Шаттығының жалауы тозар ма екен?!
    Қандай әсем қарақат бұла көзі.
    Әттең...
    Әттең...
    Жүкті екен бірақ өзі.
    Тағдырына өкпелі сөзі бардай,
    Нөкерлер тұр сұлудан көзін алмай:
    "Міне, нағыз өмірдің сәнді өрнегі".
    Тек хан ғана әйелге мән бермеді.
    - Күнәһар жан, періштем сен емессің, деп ақырды ол,
    - Жолымды неге кестің?
    Әйел:
    Не тілейсіз ұқпадым-мына менен,
    Байқағам жоқ.
    Сондықтан кінәлі емен.
    Қажып біттім,
    Көп болды жолда келем,
  • b2819023332hat Zitat gemachtvor 2 Jahren
    - Сіздіңше, ең ауыр жаза өлу ме?

    Ауыр жаза — тірі қалып, өзінің

    Тауысып бар төзімін,

    Қателігін өз көзімен көруде,

    Және оны түзетуге

    Қолда билік жоқтығына көнуде.
  • Айнұр Сражhat Zitat gemachtvor 6 Jahren
    Жауап беріп жататын сан қылыққа,
    Бір заңдылық жатыр сол жаңғырықта.
    Иә, оған күмән жоқ, сондықтан да
    Басымды ием сол ұлы заңдылыққа

In Regalen

fb2epub
Ziehen Sie Ihre Dateien herüber (nicht mehr als fünf auf einmal)