bookmate game
kk
Бейімбет Майлин

Шұғаның белгісі

Benachrichtigen, wenn das Buch hinzugefügt wird
Um dieses Buch zu lesen laden Sie eine EPUB- oder FB2-Datei zu Bookmate hoch. Wie lade ich ein Buch hoch?
  • b1772041868hat Zitat gemachtletztes Jahr
    Сондағы Шұғаға жазған хаты:
    «... Сіз бір айсыз нұрландырған аспанды,
    Буландырған, уландырған жас жанды.
    Біз бір ғаріп паналаған саянда,
    Жас жүректе мықты жара бастады.
    Кірді нұрың, отты жақты ішіме,
    Көтерем деп сене алмаймын күшіме.
    Бірінші зар шықты тілден мұңданып,
    Бұдан бұрын айтылмаған кісіге.
    Жас жүректің жалқынды деп тілегі,
    Жарамдысын сізден қалап тіледі.
    Әзіріне үміт қаптың тауындай,
    Жазмыш түрін жауап қайтса біледі.
  • Салтанат Аскарhat Zitat gemachtvor 2 Jahren
    Жолдасым отыз-қырықтардың шамасындағы жер ортасы адам, сиректеу сақал, мұрты бар; қара бұжыр, күлімсіреп дөңгеленіп тұрған қара кезді, пішініне қарағанда бір түрлі сөйлемпаз адам секілді. Астында қойшылар мінген қаракер бесті, үсті-үстіне ұрып отырмаса кейін қалып қала береді.
  • Салтанат Аскарhat Zitat gemachtvor 2 Jahren
    «... Әуре боп неге біткен ажар-көрік,

    Ішіңе от түсірдің қалқам керіп.

    Гүлдену жас өмірде мақсұт боп ед,

    Серттесіп, қол алысып, уәде беріп.

    Жолына құрбан қып ем жан мен тәнді
  • Салтанат Аскарhat Zitat gemachtvor 2 Jahren
    «... Әуре боп неге біткен ажар-көрік,

    Ішіңе от түсірдің қалқам керіп.

    Гүлдену жас өмірде мақсұт боп ед,

    Серттесіп, қол алысып, уәде беріп.

    Жолына құрбан қып ем жан мен тәнді,

    Дариға, айтылған серт болмай қалды.

    Көре алмай ақтық минут дидарыңды,

    Арманда жан тапсырған мен бір зарлы!

    Хаты деп ақтық жазған ғашық жардың,

    Есіңе ал, дұғаңа мен ынтызармын.

    Қош, cay бол, ойнап-күліп жолығармыз,

    Астында ақ туының пайғамбардың!..»
  • Салтанат Аскарhat Zitat gemachtvor 2 Jahren
    «... Жаным сүйіп жарым деп сеніп едім,

    Құрбандыққа басымды беріп едім.

    Айтылған сөз, уәде, сертім үшін —

    Ат сабылтып, Шұғажан, келіп едім.

    Бұрын жақын ауылың алыстады,

    Аңдып жүрген бір дұшпан қалыспады.

    Екеуімізді ынтық қып екі жақта —

    Тағдырдың неге мұнша қарысқаны!..»
  • Салтанат Аскарhat Zitat gemachtvor 2 Jahren
    Біз атты айдай бергенде қарлыққан дауыспен:

    – Қош, қалқам, қалқам!.. – деді Шұға.

    Кемсеңдеп жылап отыра кетті.
  • Салтанат Аскарhat Zitat gemachtvor 2 Jahren
    Әйел жайын әйел біледі ғой.
  • Салтанат Аскарhat Zitat gemachtvor 2 Jahren
    Шұға айныса амалым жоқ. Егер Шұға сөзінде тұратын болса, не қиындық болса да көрем. Алмай тынбаймын
  • Салтанат Аскарhat Zitat gemachtvor 2 Jahren
    Қырық бүктеліп келсе хатың тұмардай,

    Жылы жүзбен көңілді жай қылардай.

    «Болад» деген жалғыз ауыз сөз тапсам,

    Көңіліме сақтар едім құрандай..
  • Салтанат Аскарhat Zitat gemachtvor 2 Jahren
    «Атақ қашыққан жігіт қой, хат жазып көрсін, онша теріске кетпес»
fb2epub
Ziehen Sie Ihre Dateien herüber (nicht mehr als fünf auf einmal)