kk
Bücher
Наталья Попова

Тинейджерлерге арналған қаржы. Балалар мен ата-аналарға арналған кітап

  • Ainur Jasminehat Zitat gemachtvor 4 Jahren
    маңызды 5 тілекті қызылмен, 5 аса маңызды емесін жасылмен және маңыздылығы ең аз 5 тілекті сарымен боя. Әрдайым қағазға қарап отырып, сен өзіңе не аса маңызды, не маңызы шамалы екенін көресің.
  • Ainur Jasminehat Zitat gemachtvor 4 Jahren
    Тізімді 25 тілекке дейін қысқарт. Тізімді қайта оқып, асықпай қара: әр жазған тілегін туралы ойланып қара. Өзіңе мен мұны неге қалап тұрмын деген сұрақ қой. Бұл маған не үшін керек? Бұл шын мәнінде менің қалауым ба?
  • Ainur Jasminehat Zitat gemachtvor 4 Jahren
    Қағазды ал да, оның бетіне 50 тілегіңді жаз. 50 — ол көп және қағазды толтыру оңайға түспейді. Сен оны бір мезгілде, не бірнеше күнде жазуыңа болады. Жасадың ба? Керемет! Енді осы қағазды қалдыр да, бір күн қарама.
  • Ainur Jasminehat Zitat gemachtvor 4 Jahren
    Мақсаттар:

    Қысқамерзімді — бір жылға дейін қысқа мерзім.

    Орташамерзімді — 1 жылдан 7 жылға дейін.

    Ұзақмерзімді — 7 жылдан және одан көп.
  • Ainur Jasminehat Zitat gemachtvor 4 Jahren
    Мақсатсыз жүгірген адамға қарағанда, мақсаты бар баяу жүретін адам — жылдамырақ
  • Ainur Jasminehat Zitat gemachtvor 4 Jahren
    Барлық нәрседен өзімізді шектей берсек, өміріміз қызық емес болып кетеді. Сол себепті ақшаны өз рахатыңа да жаратуға болады, бірақ ақылға сиятын мөлшерде болу керек.

    Құмыра 3. 10%. Сақталған ақша. Сақталған ақша — ол қаржы еркіндігіне бағытталған маңызды қадам. Өзіңде жинақ барын біле сен ертеңгі күніңе сенімді боласың. Жинақ — сенің капиталыңды үлкейту үшін арналған қаражатың, яғни, қауіпсіздік жастықшаң.

    Құмыра 4. 10%. Жинақтар. Жинақтар — мақсатқа айналған арманның орындалу жолы. Өз мақсатыңа жете біл! «Өз мақсатыңды қалай анықтау керек» тарауында сен тілегеніңе қалай жету керектігін білесің.

    Құмыра 5. 10%. Білім алуға кететін шығын. Сен үшін ең қымбат капитал — ол сен. Өз өркендеуіңе, пайдалы да қызықты курстарға ақша салу өте маңызды.

    Құмыра 6. 5%. Сыйлықтар мен қайырымдылық. Әлбетте бірнәрсе алған өте жағымды. Алайда өз жетістіктеріңмен өзгелермен бөлісу одан да жағымдырақ. Өз бюджетіңнің 5%-ын сыйлыққа,қайырымдылыққа бер,бұл сенің өміріңді бақыттырақ қылады. Ал бақытты болу, жақсы көңіл-күй мен сезімдер өте маңызды.
  • Ainur Jasminehat Zitat gemachtvor 4 Jahren
    Бюджетті жоспарлаудың көптеген тәсілдері бар, бірақ ең оңай және түсініктісі «Құмыралар тәсілі».

    Сенің болашақ шығындарыңды үлестіретін 6 құмыраң бар деп елестет.

    Құмыра 1. 55%. Қажеттісі. Қажеттіге тамақ, коммуналды қызметтер, телефон байланысы, яғни, біз қолайлы өмір сүру үшін керектінің барлығы жатады.

    Құмыра 2. 10%. Көңіл көтеру мен ойын-сауық
  • Ainur Jasminehat Zitat gemachtvor 4 Jahren
    Қажетті шығыстар — ол сапалы өмір сүру үшін арналған шығыс. Бiрінші қажеттілік — ол тамақ. Екінші қажеттілік — ол үй және оның күтімі. Қажеттілікке байланыс құралдары да кіреді, оларсыз бүгінгі күнде қалайша! Транспорттық шығыстар да қажетті болып табылады.
  • Ainur Jasminehat Zitat gemachtvor 4 Jahren
    Сен өз ақшаңды басқарасың, не олардың жоқтығы сені басқарады

    Дэйв Рэмси
  • Maulen Janbolathat Zitat gemachtvor 4 Jahren
    Уақыт — барлық қаржының ішіндегі ең құндысы
    Теофраст
fb2epub
Ziehen Sie Ihre Dateien herüber (nicht mehr als fünf auf einmal)