Шыңғыс Айтматов

  • b0650894280hat Zitat gemachtvor 2 Jahren
    Едігенің көкейге бір түйгені: адамның адам баласына деген ең үлкен жақсылығы – өз отбасыңда көргенді, білікті ұрпақ тәрбиелеп өсіру. Балаңды біреу асырап, біреу бақпасын, шамаң келсе, бауырыңнан ажыратпай күнбе-күн, бірте-бірте бала бойына адамгершіліктің, азаматтықтың нәрін дарыта бер, дарыта бер.
  • b0650894280hat Zitat gemachtvor 2 Jahren
    тірі өлік баласын жоқтап тұрып, қара күйік пен қасірет- қайғының запыранын жұтып тұрып, Найман-Ана былай деп бекер айтпаған да: “О, құлыным, сенің басыңа көн қаптап, темір қысқышпен жаңғақ шаққандай етіп, шығыр салып бұрап, ақыл-есіңнен айырғанда, басыңды құрсаулап қойып қысқанда, үрейлі көзің шарасынан шыға қанды су аққанда, Сарыөзектің түтінсіз жалынында қақталып, ажал аузында ындының құрып жатқаныңда, кезерген ерніңе аспаннан бір тамшы тамбағанда, о, құлыным, саған сонда күллі әлемге тіршілік беруші Күнді сен қарғаған жоқ па екенсің? Сонда саған жарық Күн Дүние-Әлемдегі шамшырақ жұлдыздардың ішіндегі ең қап-қара дүлейі, көзсіз соқыры болып көрінген жоқ па екен?
  • Назгүлhat Zitat gemachtletztes Jahr
    Ұшпа қарды иреңдете қуалаған желдің ызыңы болар-болмас естіледі. Боран болатын түрі бар. Сарыөзектің түнек аспаны дауыл толғатып, астан-кестеңі шыққалы тұр. Анда-санда бұлт арасынан шел көздей ағараңдап, өліктей бозарып, жападан-жалғыз жылжып, ай көрініп қалады. Аяз бетті шымшылайды.
  • Назгүлhat Zitat gemachtletztes Jahr
    Бір топшылағаным, Жайнақ соғысты сүйіп қызығып кеткен жоқ, ол оны жек көргені үшін, соғыстың елге тигізген кесірі жанына қатты батып, қолына қару алғалы кетт
  • Назгүлhat Zitat gemachtletztes Jahr
    Бір топшылағаным, Жайнақ соғысты сүйіп қызығып кеткен жоқ, ол оны жек көргені үшін, соғыстың елге тигізген кесірі жанына қатты батып, қолына қару алғалы кетті.
  • Жанар Омирзаковаhat Zitat gemachtvor 2 Jahren
    Сол бір күн елдің есінде көпке дейін ұмытылмай қалып қойды.
  • Indira Seitmaganbetovahat Zitat gemachtletztes Jahr
    құлаққа ұрған танадай
  • Indira Seitmaganbetovahat Zitat gemachtletztes Jahr
    қызмет атқару, аса ірі жаңалық ашу міндетін жүктеді
  • Indira Seitmaganbetovahat Zitat gemachtletztes Jahr
    Бұл өлкеде пойыздар шығыстан батысқа қарай, батыстан шығысқа қарай жүйткіп жатады..
  • Мейрхан Жубановhat Zitat gemachtvor 2 Jahren
    Сарыөзектің разъездерінде тұру үшін адамда рух болу керек, әйтпесе арам қатасың. Дала – кенен, адам – ноқат. Саған жайлы ма, жайсыз ба – далаға бәрібір; далада қалау болмайды. Тұрғың келсе– тұр. Тұрғың келмесе – жолың, әне. Ал адамға бәрібір емес. Адам жер таңдағыш: оған басқа бір жерде, басқа бір адамдардың арасында балпандай бақыт бардай, ал бұл арада тағдыр оны сарсаңға салып қойғандай көрінеді де тұрады... Осындағы Шаймерден кезекшінің үш аяқты мотоциклі бар. Өзі де мінбейді, өзгеге де бермейді – үстіне шыбын қондырмайды. Ал зәуіде керек бола қалса, от алмайды. Өйткені аккумуляторы отырып қалған. Адам да сондай. Ұлы даланың қатыгездігіне шыдамасаң, әттеген-ай, неге келдім десең болды, жүйкең жүндей түтіліп, жан дүниең жүдеп жүре береді. Бір істің тұтқасында тұрып, тамыр байлап, тәуекел деп тас жұтпасаң – әлгі мотоцикл де бір, сен де бір: ебелектен де елпек, қаңбақтан қаңғалақ боласың
fb2epub
Ziehen Sie Ihre Dateien herüber (nicht mehr als fünf auf einmal)