Мұхтар Мағауин

  • Zhadyrahat Zitat gemachtvor 2 Jahren
    Сыртқы түр – перде. Ішін айт. Жүрегі қалай соғады, бүйрегі кімге бұрады – соған қара. Ойын айт, пиғылын айт.
  • b5490254046hat Zitat gemachtvor 2 Jahren
    Ең соңындағы – жаңа алдымен шыққан қасқа, жетіде. Сіздерден жасыратын не бар, тегі жаман – неміс. Бұл баланың орны детдом емес еді, әке-шешеден бірдей айрылып, панасыз қалған соң алынған екен. Өкіметтің кеңшілігі көп. Енді осы араға келіп тұрған жайы бар
  • b5490254046hat Zitat gemachtvor 2 Jahren
    Зигфрид Вольфганг Вагнер.

    Оппа

  • b5490254046hat Zitat gemachtvor 2 Jahren
    Осыдан соң жұрттың көңлі басылып қалды. Абыр-дұбырсыз, у-шусыз келісті. Басқарманың өзі әдеппен кезек күткен соң ешкім кеуделемеді. Бала алғандар да, құр қалғандар да риза болысты.
  • b5490254046hat Zitat gemachtvor 2 Jahren
    Балаларды күрестірейік, – деді біреу.

    Балалар әйелдердің әнінде де, шалдардың күресінде де шаруасы жоқ, үй сыртында асыр сап жүрген. Үлкендердің кейбірі солай қарай ойысып еді.
  • b5490254046hat Zitat gemachtvor 2 Jahren
    алақанын толтыра насыбай атты.
  • b5490254046hat Zitat gemachtvor 2 Jahren
    төменгі ерніндегі насыбайын оңдады да, мойнын бұра бере шырт түкірді.
  • b5490254046hat Zitat gemachtvor 2 Jahren
    Өзі ұғымтал, – дейтін мақтанып. – Аса зирек. Бірақ биыл мектептен қалады. Тілі бастықсын. Оған да қарамай беріп жіберер едім, келмей жатып кісі үйінде тұрған соң тасбауыр боп кете ме деп қауіптенем.
  • b5490254046hat Zitat gemachtvor 2 Jahren
    Жахсы, – дейді Зигфрид. "Қ" ға әзір тілі келмейді, "қ" мен айтудан қашады. Үйреніп үлгерген сөздерінің ішінде "қ" әрпі кездесіп қалса үнемі "х" етіп жібереді. Басқа қазақы дыбыстардың бәрін де айта алады. "Ғ" ны да, "ү" ні де, "ә" ні де. Ал "н" ды орынды, орынсыз, мөлшерден тыс көп қолданады: – Ханша асх сеңкі?
  • b5490254046hat Zitat gemachtvor 2 Jahren
    – Хұльжа... архар... блесң?..

    – Осындай құлжаны мен де тауып алам, – дейді жеңілгісі келмеген қонақ бала.

    – Бұль хұльжа Нарым... бет ағамдікі! Маған тастаған. Соғыста өлген. Меңкі үш аға соғыста өлген. Сеңкі неше аға өлген?

    – Менің ағам әлі тірі, – дейді қонақ бала.

    – Трі... не? Апа, не трі?

    – Өлген жоқ, айналайын. Бір жерде жүр.

    – О-о! – дейді Зигфрид қуанып. – Меңкі өлген.

    Қонақ бала біржола жеңіліп, айтарға соз таба алмайды.

    – Меңкі үш аға өлген... Кіммен соғыста, апа?

    – Кәрманмен, күнім.

    – Кәрманмен соғыста меңкі үш аға өлген.

    – Менің ағам да өледі, – дейді ағасының тірілігі зиянға шыққан қонақ бала. – Ертең өледі.

    – Сеңкі аға трі, – дейді әбден жеңіп алған Зигфрид. – Меңкі үш аға өлген. – Үш саусағын көрсетеді. – Келім... бет... Жолым... бет... Нарым... бет... –
fb2epub
Ziehen Sie Ihre Dateien herüber (nicht mehr als fünf auf einmal)