bookmate game
kk

Ілияс Есенберлин

  • Aqzhanhat Zitat gemachtvor 2 Jahren
    -жылы сөйлесе жылан інінен шығады, қатты-қатты сөйлесе мұсылман діннен шығады.
  • Aiman Kainarbayevahat Zitat gemachtvor 2 Jahren
    Ұлы іс жеке адамға тән, тіпті кейде ана сүтімен қанына сіңген түсінікті де бұзумен келеді. Әрбір жаңа дүние ескі өмірді құртудан басталады. Онсыз адам баласын бақытты ете алмайсың
  • Aiman Kainarbayevahat Zitat gemachtvor 2 Jahren
    — Әрине, адам дегеннің көңілі тек нанмен ғана көншімейді ғой,— деді қайтадан эстон жігіті,— кешегі өздеріне поэзия саналған көкорай, жасыл шалғынды жері бүгін егінжайға, жыртылған қара топыраққа айналғанын көріп, өкінетіндер әлі бар шығар?
  • Nurgul Saktaganhat Zitat gemachtvor 2 Jahren
    Біріміз - бойында еш кір, былғаныш сақталып тұра алмайтын, ағынды өзен тәрізді болсақ, екіншіміз - бар жамандықты бойына сақтаған, тұнып қалған, ағар жері жоқ қара су екенбіз. Сен сол қара сулығыңа тарттың. Енді түсіндім, еш жаққа аға алмадың, өзіңнен-өзің тұрып борсыдың. Ал сондай сасық сулы қара су жанынан мөп-мөлдір боп ағып жатқан өзенге қызықпай ма? Қызығады. Қолынан анау ағынды өзен болуға табиғи жаратылысы жібермесе, ол қара су не істейді? Бар болғаны қызғану болады. Және қолынан сол ағынды судан өш алу келмесе, ол қара су немен көңілін басады? Борсиды, сасық иіс жан-жағындағы жұртты үркітеді, қорқытады.
  • b5519878125hat Zitat gemachtvor 2 Jahren
    Тал шыбықтай бұралған, қос бұрымы жерге түскен, жігіт біткен қызығып тамсанарлықтай сұлу қыз.
  • b0647382638hat Zitat gemachtvor 2 Jahren
    Өйткені бір адам әрқашанда екі адамнан тұрады. Жалпы, өзіңнен бөтен ешкімге сенбе, адам баласы өте алдамшы, екі жүзді,- деген әкесі.
  • b1410417041hat Zitat gemachtvor 2 Jahren
    Қуаныш үстінде сенгенде, сүйгеніңнің сөзіне бүгін қайғы үстінде неге сенбейсің? Адам баласының көңілі үнемі осылай құбылмалы ма?»
  • b1410417041hat Zitat gemachtvor 2 Jahren
    Қызғаншақтық деген бір асау сезім ғой, өн бойыңды алып тулар болса, оны басу да қиын!
  • b1410417041hat Zitat gemachtvor 2 Jahren
    жолдастық деген не екенін білесің бе өзің? Жолдастық деген бірін-бірі сыйлау, жолдас деген адамыңның көңілін қалдырмау, ренжітпеу. Өзіне қиын болып тұрса да ренжітпеу, жанына орынсыз жара салмау, шын жолдас бірінің қатесін бірі жасырмас болар.
  • raiianaislamqyzyhat Zitat gemachtvor 2 Jahren
    Баланы өлгеннен кейін жақсы көру - ол кешігін жақсы көру. Баланы ең алдымен тірісінде жақсы көру керек. Жақсы көрудің ең үлкен белгісі - баланың дұрыс адам болуына көмектесу, оны дұрыс тәрбиелеу.
fb2epub
Ziehen Sie Ihre Dateien herüber (nicht mehr als fünf auf einmal)