Сайын Мұратбеков

  • b2341084141hat Zitat gemachtletztes Jahr
    Құдай, құдай... Осы ит жыны бірікпеген иттердің ортасында азапқа салғаныңша алсаң етті мені!
  • b2341084141hat Zitat gemachtletztes Jahr
    Екеуміз оңаша қалғанымызда өткен-кеткенін айтып, ерінен жастай жесір қалып, үш ұл, бір қызды қалай адам ғып өсіргенін әңгімелейтін.
  • b2341084141hat Zitat gemachtletztes Jahr
    Сондайда қолымнан келсе әжемді үлде мен бүлдеге орап, тырп еткізбестен төрге төрт қабат көрпенің үстіне отырғызып қойсам деп арман етуші едім.
  • b2341084141hat Zitat gemachtletztes Jahr
    Қозым, қозым... Сенің осы айтқаныңның өзі-ақ маған үлде мен бүлде емес пе. Айналдым сенен! Басқа күшіктер тегіс жиналып бір төбе болғанда, сен өзің бір төбе емессің бе, маған,— деп еміренетін
  • b2341084141hat Zitat gemachtletztes Jahr
    Әжем ләм деген жоқ. Бір-ақ уыс боп шөгіп, бүрісті де отырды. Төсекке де со бойын жазбаған күйде бір уыс қана боп жатты. Түні бойы ұйықтаған жоқ, әлсін-әлсін естілер-естілмес күрсінумен, уһілеумен болды. Түннің бір уағында оның үнсіз жылап жатқанын да сездім.
  • b2341084141hat Zitat gemachtletztes Jahr
    Беу-у, құдай-ай, осылардың арасына дәнекер болам деп-ақ өлетін болдым... Бәрінің емгені бір ананың ғана — бір менің ғана ақ сүтім еді...— Әжем ауыр күрсініп, маңдайының терін сүртті. Қабағы кіртиіп, ұрты бұрынғысынан да ортайып, әбден діңкелеп шаршаған кейіпте отырып қалды.
  • b2341084141hat Zitat gemachtletztes Jahr
    Тіпті әрі-беріден кейін қақсай-қақсай заржақ атанады екенсің.
  • b2341084141hat Zitat gemachtletztes Jahr
    Ең болмаса, менің көзім тірі тұрғанда тату болса екен де, мен өлген соң не болса о болсын... Құдай ғой, мені де осылардың тозағына күйдіріп қойған... Ел қайдан білсін: «Ойбай, анау пәленшені қарашы жетім-жесір боп өсіп еді, енді, әне, балаларының түздегісі түзде, ойдағысы ойда шетінен жетілген, болған-толған, бақыты жанған кемпір екен»,— дейді. Ал мен сорлы осылардың иттігін білдірмеймін деп түздегісіне түзде, ойдағысына ойда тыраштанам. Қайсысының үйіне барсам да: «Келіндерім ренжімесе екен»,— деп отымен кіріп, күлімен шығам. Мен оларға ене емеспін, жалдап алған бір күңмін.
  • b2341084141hat Zitat gemachtletztes Jahr
    Мен сай-сүйегім сырқырап, енді аз болса өкіре жылап әжемді бас салуға шақ отырмын. Тамағыма жас тығылғандай боп сөйлей алатын емесшн...
  • b2341084141hat Zitat gemachtletztes Jahr
    осы «қалжыңның әжеме шаншудай қадалатынын ұқсаң етті, апа-ау! Жоқ, әлде өз басыңа келмей ұқпаспысың...» Күйіп кеттім, бірақ өз анама не дей қояйын
fb2epub
Ziehen Sie Ihre Dateien herüber (nicht mehr als fünf auf einmal)