— Жасасын Жарқын Бадырақұлы! — десіп гуілдесіп қошеметтеді.
Бұл қара жігіт Бадырақтың тұңғыш баласы Жарқын еді. Оның жастайынан оқуға кетіп, ауылға қайтқаны осы.
Ол әке-шешенің үйінен аттанғалы тоғыз жыл болған. Ол қазір кеңес өкіметінің отты да ойлы азаматы. Коммунист партияның қабырғалы қызметкері