kk
Kostenlos
Тамаша жыл - The Big Year

#95. "Oy-Detox" пен "Екі кесе" қонақта: подкаст туралы эпизод

In App anhören
Бұл ерекше эпизод. Бүгін бізге екі подкастер қонаққа келді. Әрине, карантин жағдайында кездесуіміз үйде емес, онлайн өтті. Бұл эпизодты толығымен подкастқа арнадық. Подкастты қалай жазасыз, тақырыптарды қалай таңдайсыз, қандай қосымшалар мен техникалық құралдарды пайдаланасыз, қандай жоспарларыңыз бар деген тәрізді сұрақтарды қамтыдық.

Анықтама.

1. Бэлла Орынбетова - Eki kese подкастының авторы және жүргізушісі.  Eki kese - достар арасында шай үстінде айтылатын әңгіме жинағы. Бұл подкастта өмірге, адамдарға, құбылыстарға деген тың көзқарастар, соны пікірлер айтылады.

2. Айнель Әмірхан - Oy-Detox подкастының авторы және жүргізушісі. Айнель өз подкастында қонақтарымен бірге ақпарат ағымында адасып кетпей, ой, сана тазалығын сақтау жолдарын іздейді.

1:00:46
Jahr der Veröffentlichung
2020
Haben Sie es bereits gelesen? Was halten sie davon?
👍👎
fb2epub
Ziehen Sie Ihre Dateien herüber (nicht mehr als fünf auf einmal)